11 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №722

480 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2015 жылғы 31 желтоқсан,  Астана қаласы «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 149 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйырамын: 1. «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептердін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10885 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы қағидаларында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Мемлекеттік есепке алу үшін түпнұсқада қағаз және электронды тасымалдағыштарда: 1) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар (бұдан әрі – бағдарлама); 2) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар (бұдан әрі – жоба); 3) бағдарламаларды ақпараттық картасы бар жобалардың орындалуы бойынша есептер (бұдан әрі – есеп), оның ішінде ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері туралы мәліметтер ұсынылады. 4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламалары, жобалары; 5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламалары, жобалары бойынша есептер. Құжаттар пакеті толық болмаған және олар тиісінше ресімделмеген жағдайда құжаттар анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін тіркелмейді. Ұсынылған құжаттар қайтарылмайды. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алуға байланысты шығындарды бас ұйым немесе орындаушы ұйым (орындаушы) өзі көтереді». 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е.Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Т.БАЛЫҚБАЕВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 2 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12973 болып енгізілді.